Skip to content

Әжелер сөзі, ақылдың көзі өшпейтін өнегелі үлгісі

Қазақтың әже тәрбиесі – әрқашан елдің, ұлттың асыл мұраларын,моральдық құндылықтарын, адамгершілік қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын негізгі көздердің бірі болып келеді. Әжелердің үлгісі арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі қоғамда ерекше маңызға ие. «Біртұтас тәрбие»бағдарламасы да бұл тұрғыда үлкен рөл атқарады. Бағдарлама жас өрендерді жан-жақты, үйлесімді тәрбие мен біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Оның негізі – отбасының, мектептің және қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы баланың толыққанды дамуы. Осы орайда “Біртұтас тәрбие бағдарламасы”жобасы аясында Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде “Даналық мектебінің” жоспарына сәйкес “Әжелер сөзі, ақылдың көзі өшпейтін өнегелі үлгісі» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің негізгі мақсаты –қазақ халқының бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жас ұрпаққа ұғындыру, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру. Кеш барысында «Әжемнің ертегісі», «Ұлттық тағамдар базары», «Өнерліге өріс кең», «Әжелер кеңесі», «Салт-дәстүрім қазынам» деп аталатын бірнеше айдарға бөлінді. Әр кезең сайын әжелеріміз құнды ақпараттармен бөлісіп, ойларын ортағасалды. «Салт-дәстүрім қазынам» айдарында әжелеріміз үш топқа бөлініп «Қырқынан шығару», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» дәстүрлерінен көрініс көрсетті.Кеште мектебіміздің өнерлі оқушылары мен мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары М.Қабдрахманова мен Р.Сисембаева әннен шашу шашты. Кеш соңында мектебіміздің оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Садыкова кездесу кешіне келген әжелерімізге алғысын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *