Skip to content

Спорт нашақорлыққа қарсы

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық пен есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортқа жаппай тарту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында “Спорт нашақорлыққа қарсы” тақырыбында акция ұйымдастырылуда. Акцияның іс-шара жоспарына сәйкес 5 сыныптар арасында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен “ұлттық ойындар” спорттық жарысы болып өтті. Спорттық жарысқа оқушылар белсене қатысты. Шара соңында сынып жетекшілер “спорт” салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене және ақыл-ой қабілеттерін дамытуда мықты үлес қосатынын түсіндіре отырып, оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *