Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 31 қаңтар күні мектеп психологы Қ.Ерғалиева және кәсіби бағдар беруші А.Сираштың ұйымдастыруымен 11 “А, Б” сыныптарына «ҰБТ-ға сеніммен барайық!» атты тренинг жаттығулар өткізді.
Тренинг мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету,бойларына сенімділік орнату.
Ең бірінші сәлемдесу жаттығуы бойынша өздері таңдап алған парақшадағы жазуды оқып, сол сұрақты орындау арқылы сыныптастарын құшақтап қол алысу болды.
Оқушының сабаққа келген кездегі көңіл-күйін анықтау мақсатында түстер арқылы «Менің көңіл-күйім қандай», оқушылардың өзін-өзі жігерлендеруі, алдына анық мақсат қоюға үйрену үшін айна арқылы “Уәде беремін” жаттығулары орындалды. Кәсіби бағдар беруші А.Сираш өз кезегінде ҰБТ туралы ақпараттармен тағы да таныстырып, оқушылар сұрақтарына жауап берді.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындалу — маңызды кезең, және оның сәтті өтуі үшін жүйелі әрі тиімді дайындық қажет екенін айта отырып, ҰБТ-ға дайындалу бойынша бірнеше ұсыныстар тобын атап өтті.
ҰБТ-ға дайындық — бірегей процесс, әр адам үшін өзіне тән. Жоспарлы, жауапкершілікті және тиімді дайындық арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатыны атап айтылды.
Қорытындылай келе, оқушылар бір-біріне сәттілік тілеп « ҰБТ- да жетістікке жетейік!»
(« Біз дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен )әнімен аяқтады. Оқушылар тренингке белсене қатысты.
Ұйымдастырушылар: педагог-психолог Қ. Ерғалиева,
кәсіби бағдар беруші А.Сираш






