Наурыз мерекесі – әлемдегі көптеген халықтың дәстүріне енген, ерте заманан келе жатқан мерекелердің бірі. Орта Азия халықтарында наурызды бес мың жыл бойы тойлап келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.
Е.Ағелеуов атындағы Маxамбет орта мектебінің ұстаздары ауданымыздың орталық алаңында ұйымдастырылған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде, “Бірлік” ауылында қазақтың ұлттық салт дәстүрі “сырға салу” рәсімін көрсетті.
Ұлыстың Ұлы күні Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз – Наурыз баршаңыздың қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!



